7 сәуір күні мектебімізде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аграрлық колледжі өкілдерімен кездесу өтті.
Оқушыларымыз не білді?
Колледжде оқу — бұл тек сұранысқа ие мамандық қана емес, сонымен қатар үздік мүмкіндіктер:
Үздік студенттер үшін шәкіртақы.
Тегін тамақтану және жатақханада тұру.
Заманауи сыныптар мен жабдықтар.
Өз ісіне шын берілген педагогтар.
Сұхбат өте белсенді әрі пайдалы өтті. Әріптестерімізге келгендері үшін алғыс айтамыз және жаңа кездесулер күтеміз!

