«Қайырымдылық күні»

Мектебімізде «Қайырымдылық күні» аясында игі іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар ауыл тұрғындарына көмектесіп, аулаларды қардан тазалауға атсалысты. Бұл күн мейірімділік, қамқорлық және үлкендерге құрмет көрсетудің жарқын үлгісі болды.

Оқушылар бірлік пен ынтымақтастық танытып, қоғамға пайдалы іс жасау арқылы қайырымдылықтың маңызын көрсетті. Осындай игі істер жас ұрпақты мейірімді, жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуына тәрбиелейді.

Источник дополнительной информации